Конспект урока по физкультуре
Дене шынықтыру сабағынан жоспар
6 – сынып. ІІІ тоқсан
Сабақтың түрі: Коньки тебу
Сабақтың тақырыбы: Оңға, солға бұрылу. Қозғалыста айналып бұрылу.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды коньки тебуге қызықтыру, мәнерлеп сырғанауға үйрету.
б) Оқушылардың денсаулығын нығайту, ептілікке баулу, жылдамдығын жетілдіру.
Сабақты өткізетін мұғалімі: Темиров А.М
Сабақтың өтетін орны: Мұз айдыны
Керекті құрал – жабдықтар: Оқушы санына қарай қажетті конькилер
№
Сабақтың мазмұны
Уақыт мөлшері
Әдістемелік нұсқаулар
І
1
2
3
4
Кіріспе бөлім
Сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу.
Жүріп және жүгіріп жаттығулар орындау (2-3минут)
Жалпы дамыту жаттығуларын қайталау.
12 – 15 минут
Бір сызық бойында тұрғызу, тыныш тұруын ескерту.
Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.
ІІ
Негізгі бөлімі
1.Оқушылар өздігінен коньки теуіп болған соң бір – бірден қатарға тұрады. Мұғалім немесе конькиді жақсы меңгерген оқушы ортаға шығып коньки тебудегі конькишінің қалпын көрсетеді. Барлығы соны қайталап, колоннаға тұрып, шеңбер жасап жылжиды.
2.Шеңберді айналып жүріп оқушылар қажетті жаққа қарай бұрылыс жасауға ұмтылады: бұрылыс жасайтын жаққа денесін сәл еңкейтеді де адымдарын жиірек алып, тепе – теңдігін сақтау үшін қолдарын қаттырақ сермейді
3.Конькиді шешіп, жүгіру эстафетасын өткізу.
25 – 30 минут
Нұсқаушының көрсеткен тәсілдерін толық түсінуін қадағалау.
Дұрыс бұрылыс жасап үйренуін бақылау
ІІІ
1
2
3
4
5
Қорытынды бөлім
Толықтай отырып, секіру жаттығуын орындау (бақаша)
Сапқа тұрғызу
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру
Қайтару
5 минут
Жаттығуды орындату
Тез сапқа тұрғызу.
Тыныш, сөйлемеулерін ескерту.
Үйге берген тапсырманы орындамауларын айту
Автор: Темиров Абдрахман Мугалханович