Главная / Старшие классы / Родной язык и литература

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Скачать
46.5 КБ, 296579.docx Автор: Куанышбекова Айткуль Нагашибаевна, 20 Мар 2015

Сынып:

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақтың мақсаты:

1) Оқу құралды туралы білетін, алған білімдерін толықтыру. Өз ойларын еркін жеткізуге үйрету;

2) Әр түрлі тапсырмаларды қолдана отырып, ауызекі сөйлеу, есте сақтау қасиеттерін дамыту;

3) Өз оқу құралдарын ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,әртүрлі ойындар.

Сабақтың көркемділігі: слайд, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын қарау,

оқушыларды түгендеп, олардың зейінін сабаққа аудару.

- Амандасу

- Түгендеу (1 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 167 бет 3 тапсырма (2 мин)

Тақырып пен сабақ мақсатың айту.

Сабақ тақырыбын №1 слайдтан оқу

Сабақтың мақсаты №2 слайд (1 мин)

Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше. Мен бүгін сабаққа келе жатып мектептің алдында жылап отырған мысықты көрдім. Тоқтап одан неге жылап отырғаның сұрасам, ит оның құйрығын жұлып алып кетіпті. Құйрығынды маған оқу құралдарын үйретсен ғана қайтарамын деп талап қойыпты. Біздің бүгінгі тақырыбымыз оқу құралдары болғандықтан мен мысық пен итті сендерге ертіп келдім. Бірақ иттің тағы бір талабы бар, ол сендер орындаған тапсырманы дұрыс түсінсе ғана мысықтың құрығын жартылай қайтарып отырады. Мысыққа құрығын толық қайтару үшін көмек береміз бе? (оқушылардың жауабы). Мысықта сендерге бос келмеді сендер көмек берсеңдер олда сендерге сыйлық дайындап қойды. Ол үшін бүгінгі сабақта біз әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз. (2 мин).

Мысыққа көмек беру барсында сендер оқу құралдарына байланысты алған барлық білімдерінді көрсетуге тиісіндер. Себебі ит оқу құралдарын түсінбесе мысыққа құйрығын қайтармайды. Ал біз тек қана адамдарға емес сонымен қатар жануарларғада көмек беруіміз керек.

Балалар ең алғашқы тапсырмамыз оқу құралдары жайлы сөздерді аударып, сөздік дәптерімізге жазу керек. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. Сұрақ-жауап арқылы сөз тіркестерін құрату. Сөйлемдер құрау. Слайд №. (3 мин).

Жарайсыңдар балалар енді ары қарай тапсырмалар қиындай түседі, сондықтан ойымызды жинап, ит барлығын түсіну үшін толық жауап беруге тырысыңдар.

Келесі тапсырма сендердің алдарында жатқан мәтінмен жұмыс жасау керек (оқу, аудару (әр оқушыға оқыту бір сөйлемнен , аудару жұмысын жасау, мәтін бойынша сұрақтар қою)). Слайд № (8 мин).

Практикалық тапсырма: бұйрықты орында

- Кітапты ал!

- Кітапты аш!

- Кітапты қой!

- Дәптерге жаз!

- Сызғышты бер!

- Сызғышты қой!

-Жарайсыңдар, балалар! Осы қалыпта жалғастарсақ мысықтың құйрығын толығымен қайтара аламыз. Шаршаған шығарсындар серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосамыз,

Барлығы он.

(2 мин) слайд №

Балалар, енді шаршағандарын басылса, ары қарай жалғастырайық.

Ендеше енді итке қалай жазу керектігін көрсетейік, жазу әрекетін іске асыру.

Екі сұраққа жауап беру ауызша және жазбаша.

Кітап не үшін керек?

Қалам не үшін керек? (жазғандарын оқыту.) Слайд № (3 мин)

-Жарайсыңдар балалар осы алған бетімізден қайтпасақ мысыққа әбден көмегіміз тиеді.

Ал келесі тапсырма диалогты оқу және жаңа сөздерді тандап айту. (Тақта алдында жұмыс) (8 мин)

Балалар шаршағандарынды басу үшін ойын ойнап алайық, бұл ойынды ойнау үшін сендер қазақ тілінде көп сөз білу керексіндер (ойын шартын айтып түсіндіру). (5 мин).

Өте жақсы балалар, мысыққа қарандаршы оның құйрығын ит толығымен қайтарыпты, бұл не деген сөз? Біз итке де, мысыққа да көмегімізді тигізе алдық. Жарайсыңдар мен сендерге өте разымын. (2 мин)

ІІІ.Қорытындылау:

- Бүгін сабақта нелерге көмектестік?

- Қандай оқу құралдарын білеміз?

- Кітап не үшін керек?

- Сендерге сабақ ұнады ма?

- Ит пен мысыққа қандай тілекткрін ба?

- Ендеше,мен сендерге мысықтың дайындаған сыйлығын таратайын. Жарайсыңдар балалар!

(3 мин)

ІV. Үйге тапсырма. Өз оқу құралдары туралы айтып келу.

V. Бағалау. Белсене қатысып, өз ойларын жеткізе білген оқушыларды бағалау. (4 мин)

Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!


Автор: Куанышбекова Айткуль Нагашибаевна
Похожие материалы