Урок казахского языка в 1 класс на тему: "Оқу құралдары"
1-СЫНЫП
Күні: 23.02.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік. Оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай туғызу. Пән бойынша жан-жақты білім беру, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
2. Тәрбиелік. Тақырып бойынша тәрбиелік әңгіме жүргізу. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын айтылым әрекетіне берілген тапсырмалар арқылы жалғастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: элетрондық құрал, суреттер, оқулық,сандар
Пән аралық байланыс:орыс тілі,математика
Сабақтын барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.5 минуттік оқу
II. Үй жұмысын тексеру. Өлең
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Сөздік жұмысы.
1. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар сөздерді тізбектеп айтып шығады.
3. Ойын арқылы сөздікті пысықтау.
а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.
Автор: Махамбетова Гульшат Кеденовна