Главная / Начальные классы / Разное

Сан есім

Скачать
1.68 МБ, 645257.ppt Автор: Кукеева Орынкуль Исмагуловна, 31 Мар 2015

«Мичурин орта мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Кукеева Орынкуль Исмагуловна

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, сан есімнің зат есіммен байланысын, жазылу емлесін меңгерту. Сөз таптары олардың түрлерін, сұрақтарын, сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.

Дамытушылық:

Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен, оқулықпен жұмыс жасай отырып білім сапасын арттыру.

Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік жұмыс, топтық.

Көрнекілігі: оқулық, тірек-сызба, компьютер, суреттер, қима қағаздар, тест.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу:

Балалар, қазақ тілі сабағымызға құрметті қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.

2) Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

3) –Үйге қандай тапсырма берілді?

4) –Балалар, бүгінгі сабақта оқулық тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы білімдеріңді одан әрі дамытамыз.

ІІ. – Алдымен, ойымызды жинақтап, өткен білімімізді еске түсірейік.

- Тіліміздегі сөзер нелерге бөлінеді?

- Біз қандай сөз таптарымен таныстық?

- Енді экрандағы тірек-сызба бойынша, сөз таптары туралы не білетінімізді ортаға салайық. (Слайд 7.)

1) Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)

2) Зат есімнің түрлерін ата. (жекеше, көпше)

3) Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?(Не істеді? Не қылды?)

4) Етістіктердің түрлерін ата. (дара, күрделі)

5) Сын есім дегеніміз не?

6) Сан есім дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Ненің суреттерін көріп тұрмыз? Сан есімдер қандай сөз табымен байланысып тұр? Осы жерден қандай бір ойға келуге болады? Сан есімдер зат есіммен байланысып тұр.

IV. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретімен берілген үлгідегі Ққ әрпі мен Құстар сөзін көркем етіп жазамыз. (Слайд 8.) (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).

-Құстар сөзіне ауызша дыбыстық талдау жасау.

V. Сөздік диктант жазамыз.

Төрт, он, жиырма, елу, тоқсан, оныншы, жетінші, отыз бес, жиырма үш.

Тексеру: (Слайд 9.)

Экранда жазылған сөздерге қарап, әркім өз қателеріңді тексере қойыңдар!

(Мысалы: Мырзақмет, неше қате? т.с.с.). Жіберілген қателерімізді еске сақтап, екінші рет жібермейтіндей мұқиат болыңдар!

VI. Енді, экрандағы суретке назар аударайық. (Слайд 10. Проигрыватель Windows Media арқылы «Орман дыбысы» әуені қосылады.)

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Қандай жыл құстарын білесіңдер?

- Қараңдаршы, балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар?

- Тыңдайықшы , орманда нелердің даусы естіледі?

- Құстардың қандай түрлері бар?

- Суретте балалар не істеп жатыр?

Мұғалім сөзі: Жас ұяны ағашқа кендір жіппен байлаған жөн. Әйтпесе, ол өсіп тұрған ағашты бунап зиян келтіреді. Ұяның құс кіретін аузы әрдайым оңтүстік-шығысқа қарап, ілгенде 5-6 м биіктікте ілуді естеріңе сақтаңдар!

-Осы құрастырылған сөйлемдердің ішінен мына сөйлемді тақтаға жазып, сөз таптарына талдайық.

Екі бала ағаштың бұтағына ұяны орнатты.

VII. Сергіту жаттығуы.

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық.

Орнымызды табайық

VIII. Оқулықпен жұмыс

1- тапсырма Мәтіндегі цифрларды сөзге ауыстырып сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

2- Тапсырма Сурет бойынша мәтін құрастыртып оған ат қойғызамын. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын анықтайды.

3- Тапсырма берілген сан есімдерге зат есім тіркестіріп жаздыртамын.

ІХ. Дидактикалық ойын: «Жылдам жауап».

І топ кез келген сөз таптарына қатысты сөз айтады.

ІІ топ -сол айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.

ІІІ топ сол сөзбен сөз тіркесін айтады.

Х . Өзіндік жұмыс жасаймыз.

1. Сабақ, қоңырау, мұғалім

2. Түн, күн, ұйқы

3. Күлкі, күлдіргіш

4. Күнделік, жалқаулық, екілік

5. Әріп, әліпби

6. Жаңбыр, бұлт, лайсаң

7. Шаш, бас, бантик

8. Кітап, жазушы,баспа

9. Ағаш, топырақ, тұқым

(Ауызша тексеру).

ХІ. Топпен жұмыс. (Слайд 12. )

Экранда әр топқа тапсырма берілген. (Оқу)

І топ. Төмендегі неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзге айналдырып жаз.

бес сынып-

он алты дәптер-

жиырма үй-

ІІ топ. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.

Болат... жаста. Ол ... сыныпта оқиды.

ІІІ топ. Оның да біл есебін,

Әр аптада неше күн?

ХІІ. Дидактикалық ойын. «Кім көп біледі?»

Сан есімдерге қатысты кім көп мақал-мәтелдер біледі?

1. Ел ішінде – елу ел бар.

2. Жеті рет өлше, бір рет кес.

3. Еріншектің ісі – екі.

4. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болған артық

5. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

6. Он екі мүшең сау болса жарлымын деме,

Он саусағың түгел болса, дәулет емей немене.

ХІІ. Өтілген тақырыптар бойынша білімдерімізді бекіту мақсатында 2-нұсқадағы тест тапсырмасын орындаймыз.(тест парақшалары)

ХІІІ. Математикалық жұмбақ есеп. (Слайд 12. )

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Алма қайда өседі?

- Өлеңде неше алма қалды?

- 12 ол қандай сөз табына жатады?

- Сан есім дегеніміз не?

- Қандай сұрақтарға жауап береді?

XIV.-Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Сабақ несімен ұнады?

XV. Үйге 4-жаттығу. Цифрларды сөзбен ауыстырып көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызу. (Слайд 13.)

XVI. Бағалау.


Автор: Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Похожие материалы
Тип Название материала Автор Опубликован
презентация Сан есім Кукеева Орынкуль Исмагуловна 31 Мар 2015
презентация Домалақ ана Сан есім 1-класс Камзин Сабыржан Жаксылыкулы 15 Дек 2015
презентация Домалақ ана Сан есім 1-класс Камзин Сабыржан Жаксылыкулы 15 Дек 2015
документ Зат есім 1 сынып Киякова Айжан Амангельдиновна 14 Сен 2015
разное Сан-Пин от 3 июня 2003 г. Сан-Пин 27 Мая 2015
презентация Парки САН-СУСИ Марухно Анастасия Викторовна 21 Мар 2015
презентация Сан Каюмова Гульнара Ирековна 31 Мар 2015
презентация Сан Купчакова Альфия 31 Мар 2015
документ "Сан" Кашапова Гузель Нургалеевна 31 Мар 2015
презентация "Сан" темасына презентация Тинбакова Римма Варисовна 20 Мар 2015
документ "Сан" темасына дәрес планы Тинбакова Римма Варисовна 20 Мар 2015
презентация Сан темасын гомумиләштереп кабатлау. Презентация Шайхулова Гульназ Фаязовна 20 Мар 2015
документ Сан темасын гомумиләштереп кабатлау Шайхулова Гульназ Фаязовна 20 Мар 2015
презентация Сан Габдрахманова Наиля Шайнуровна 20 Мар 2015
презентация "Сан" темасына тест. Закирова Нурия Набиулловна 20 Мар 2015
разное Тема:Үзәк универмагта. Исемнәрнең күплек сан кушымчалары. Гайнуллина Лейсан Риязовна 20 Мар 2015
разное Тема:Үзәк универмагта. Исемнәрнең күплек сан кушымчалары. Гайнуллина Лейсан Риязовна 20 Мар 2015
разное Тема:Үзәк универмагта. Исемнәрнең күплек сан кушымчалары. Гайнуллина Лейсан Риязовна 20 Мар 2015
презентация, документ Сан темасы. Шакирова Диляра Дамировна 20 Мар 2015
документ "Сан ады" Монгуш Мира Монгалбиевна 20 Мар 2015
документ Сан төркемчәләре. Давлетшина Гульфия Раисовна 20 Мар 2015
документ Яту сан вилĕмсĕр, поэт! Иванова Ирина Васильевна 20 Мар 2015
документ Требования САН ПИНА Звонова Татьяна Анатольевна 30 Мар 2015
презентация "Сан турында төшенчә". Презентация. Хайрутдинова Эльвира Рифкатовна 21 Мар 2015
документ План-конспект урока "Господин из Сан-Франциско" Скворчевская Ирина Ивановна 20 Мар 2015
документ «Господин из Сан-Франциско» - Откровение И.А.Бунина Кокарчева Галина Ивановна 20 Мар 2015
презентация Презентация "Сан" Зиннатуллина Ильмира Фаиловна 31 Мар 2015
презентация Сан Каюмова Гульнара Ирековна 31 Мар 2015
презентация сан ады Донгак Аря Геннадьевна 31 Мар 2015
документ Ясалышы ягыннан сан төрләре. Сунгатова Гульнара Зулькаровна 31 Мар 2015
документ "Господин из Сан-Франциско" Суворова Ирина Сергеевна 1 Апр 2015
презентация Интегрированный урок "Господин из Сан-Франциско" Суворова Ирина Сергеевна 1 Апр 2015
документ Сан кичээли: "Эштерим-биле аян-чорук" Кандан Алекмаа Николаевна 31 Мар 2015
документ тун болгаш дугаар сан аттары Монгуш Людмила Бараановна 4 Апр 2015
презентация Җиде-гаҗәеп хикмәтле сан (Класстан-тыш чара) Галлямова Найля Газимовна 7 Апр 2015
презентация Тема: Үзәк универмагта. Исемнәрнең күплек сан кушымчалары. Гайнуллина Лейсан Риязовна 15 Окт 2015
документ Кичээл "Сан ады" Хомушку Белек-кыс Александровна 31 Окт 2015
документ И.А.Бунин "Господин из Сан-Франциско" Фастова Светлана Олеговна 20 Ноя 2015
документ Тема: Исемнәрнең зат-сан, тартым белән төрләнүе. Шайхутдинова Роза Равиловна 21 Дек 2015
презентация Презентация "Сан" Ахметшина Айгуль Фаукатовна 7 Дек 2015