денсаулық
Семинар-тренинг
«Мен сені түсінуге тырысамын…»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Қажетті құрал жабдықтар: семинар бағдарламасы, шарлар, бала тәрбиесіне арналған жаднама , «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, тірек сигналдары, т.б.
Сабақтың түрі: семинар-тренинг
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Мен сені түсінуге тырысамын…» семинар-тренингке қош келдіңіздер! Бүгін біз мектебімізге өздерінің ой-пікірлерін бөлісуге тікелей осы тақырыпқа қатысы бар маман иелерін қонаққа шақырып отырмыз.
Сіздермен бас қосып пікір алысумыздағы мақсатымыз – ата-ана мен мектеп озара байланысты одан әрі жақсарту. Алдымен бір-бірімізбен танысып алайық. («Есімдер аллитерациясы» жаттығуы жүргізіледі)
- Есіміңіз кім-Балаңыздың есімі- Балаңыздың жағымды қылығы (ата-анасы)
Жүргізу барысы:
1.Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»».
2.Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады.
7.Қорытындылау. «Тілек шамы» жаттығуы
Психотренинг
«Жанұя бақыты»
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер,қалам,май шам,ватман қағаз, шар.
Тренинг бағдарламасы:
Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты :«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.
Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
«Диаграмма құрастыру» жаттығуы
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру.
Ата-анаға:
1. Ұйқыға
2. Мектепке
3. Отбасымен қарым-қатынасқа
4. Үйірмеге
5. Достарына
6. Үй шаруасына
7. Жалғыз болуға
Диаграмманы қорытындылау
VІ.Қорытындылау.
«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.
Автор: Бекбергенова Сара Алимжановна