Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы «конструктивті» теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Бұл бағдарлама жеті модульге сараланған.
Автор: Жумагельдинов Талгат Кусаинович
Тип | Название материала | Автор | Опубликован |
---|---|---|---|
документ | Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру | Жумагельдинов Талгат Кусаинович | 20 Мар 2015 |
документ | Ашық сабақтар | Таласбаева Айдана Сержанкызы | 30 Мар 2015 |