Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз» (Жұмекен Нажмеденовтың 80 жылдығына поэзия кеші)
, тамыры тереңге кетіп таспен тістесіп өнген, адаса жүріп ақтықта ақиқатқа жеткен, қандай жағдайда да аппақ арының биік жұлдызы – темірқазық бағыттан табан аудармаған қиын тағдырлы,күрделі өмірлі қайсар ақын Жұмекен Нажмеденовтың 28 қараша туған күні қазақ әдебиетіне, поэзияға жаңаша өрнектер мен айшықтар енгізген, өз өлеңдерінің мағнасымен, шығармашылық жұмысының жоғарлығымен қазақ әдебиетін бір сатыға жоғары көтерген ақын тұлғасы қазақ оқырмандары үшін әрдайым асқақ көрінеді. Қазақ поэзиясының көгінен құйрықшы жұлдыздай қырық тоғыз мүшел жасынан қараған шағында соңғы демі үзілгенше үзілгенше қаламын қолдан түсірмей, жанкештілікпен еңбек еткен ақынның көзі тірісінде 19 кітабы жарық көрсе, қайтыс болғаннан кейінгі жылдарда шығармалары өз оқырмандарына 15 мәрте жол тартыпты.
Автор: