«Тәжірибедегі рефлекция» кәсіби даму бағдарламасы бойынша жазған рефлекциялық есебі
«Аякөз қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясының» математика пәнінің мұғалімі Г.Е.Салықованың «Тәжірибедегі рефлекция» кәсіби даму бағдарламасы бойынша жазған рефлекциялық есебі
«Сабақ беру—үйреншікті, жай ғана шеберлік емес,ол -үнемі жаңаны табатын өнер » М.Жұмабаев
Егемен еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлектеттің қатарына қосылуға табандылықпен ұмтылыуы қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер еңгізіліп,жаңа талаптар мен жаңартылған бағдарламалар белгіленіп отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай, білім мазмұнына жаңаша қарау - басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой- қабілеті мен ершеленетін азамат тәрбиелеуді көздейді.
Саналы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш десек шәкірттердің сапалы білім алуын бүгін қамтамсыз ету - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамның өзгеруі мен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білім беру зандылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Ал кез-келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болғанымен, мұғалімнің шеберлігінсіз іске асуы екіталай. Мұғалім оқушының белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Деңгейлік оқыту бағдарламасымен танысып, оқып-үйренгенімді тәжірибе барысында жүзеге асырдым.Ең алғашқы күннен бастап әріптестермен кездесуді ұйымдастырдым. Мектепте тәжірибе кезеңінде орындалатын тапсырмалар мен жұмыс жоспары жайында кеңестім.Жоспарланған жұмыстарды орындауға өз үлесін қосатынын және жан-жақты көмек көрсететінін айтты.Бағдарлама мақсаты,күтілетін нәтижелермен таныстырдым. «Жақсы ұстаз шәкіртіне талмас талап,қайыспас қанат сыйлайды» делінеді қазақ даналығында.Мұғалім әрбір оқушының жүрегіне жол табуда әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасауы тиіс деп ойлаймын.Осы курста мен аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып,сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатынын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылатынын байқадым.Жүзеге асыру үшін сындарлы оқытуға негізделген сабақтар өткізуді жоспарладым.Жеті модульді кіріктіреотырып,оқушылардың қызығушылығын ескеріп,оқуды ұйымдастырдым. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу тәрбие жұмыстарының бағыт бағдарының заман талаптарына сай жасалуын міндеттейді. Елімізде білім беру жүйесін қайта құру, мектеп реформасын жасау, оқуды өмірмен байланыстыру, оқушылардың білімді өз бетімен іздеуіне үйрету, әр баланың оқуы барысында шығармашылық ойлануын дамыту, жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып тәрбиелеу талап етілуде. Оқушылардың пәннің аясында құзырлығын қалыптастыру мақсатындағы оқу қызметінің қарқынын арттыру үш кезеңнен тұратын арнайы әдістемелік жүйе ұйымдастырылуы тиіс: жаңа білім беруге дайындық, жаңа білім беру және білімді бекіту. Оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасайды. Бұл бaғдaрлaмaның негізгі принципі мұғaлімдердің іс-тәжірибесін, педогикaлық шеберлігін жетілдіру мен бaғaлaуғa көмектесу. Сондықтaн оқыту мен қaзіргі зaмaнғы әдістері мұғaлімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзaрa бaйлaныстa қaрaстырылaды. «Aтaлғaн бaғдaрлaмaдaн күтілетін нәтижелер оқушылaрдың қaлaй оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нaнымды жеткізе білетін, ынтaлы, сенімді, сыни пікір-көзқaрaстaры жүйелі дaмығaн, сaндық технологиялaрдa құзырлылық тaнытaтын оқушы ретінде қaлыптaсуын қaмтиды» Қaзіргі жеткен жетістігімізде қaлып қоймaй өркениетті елдердің іс-тәжірибесінен өзімізге ыңғaйлaп aлғaнның ешқaндaй оғaш нәрсе жоқ деп ойлaймын. Бұндaй тәжірибе бұрындa болғaн және болaдa береді, бұл дегеніміз дәстүрлі сaбaқтaн бaс тaрту деген сөз емес. Қaйтa дәстүрлі сaбaқты , қaзіргі зaмaнaуи сaбaқпен ұштaсырып дaмытып қaзіргі өскелең ұрпaққa сaпaлы білім беру. Бaсындa бaғдaрлaмaмен тaнысқaн кезде бізге осының не керегі бaр деп ойлaғaм, бірaқ оқығaнды прaктикaмен ұштaстырғaн кезде өзімнің қaтелескінімді ұқтым және менің өмірлік қaғидaмa сaй келетінін түсіндім. «Бұл Бaғдaрлaмaның бaсым бөлігі, түрлі тәсілдер қaрaстырылғaнынa қaрaмaстaн, сындaрлы оқыту теориясы негіздерін қaмтығaн. Бұл теория оқушылaрдың ойлaуын дaмыту олaрдың бұрынғы aлынғaн білімдері мен жaңa немесе сыныптaғы түрлі дерек көздерінен, мұғaлімнен, оқулықтaн және достaрынaн aлғaн білімдерімен aстaстырылa жүзеге aсaды деген тұжырымғa негізделген». Әр сaбaқ бойындa бaғaлaу жүріп отырaды. Сaбaқ бaрысындa оқушылaрғa берілген тaпсырмaны орындaуда «Бaғaлaу-одaн aрғы оқу турaлы шешімді қaбылдaу мaқсaтымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинaқтaуғa бaғыттaлғaн қызметті белгілеу үшін қолдaнылaтын термин».Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске aсыру түрлерін жaқсaрту мүмкіндіктерін aнықтaуғa бaғыттaлғaн бaғaлaу формaтивті немесе оқыту үшін бaғaлaу болып тaбылaды. Бaғaлaу негізіне оқыту үшін бaғaлaу және оқуды бaғaлaу болып екіге бөлінеді. Бaғaлaудың бұрынғы қaғидaлaрынa сүйеніп қaлғaн біздер үшін оқыту үшін бaғaлaу aлғaшындa бірaз оғaш көрінгені рaс. Бұрынғы өтіп жүрген дәстүрлі сaбaғымыздa «бaғaлaу» деген ұғым тек сaбaқ соңындa болaтын бaғaлaу деп білдік. Негізінен оқыту үшін бaғaлaу бaлaлaр оқыту үдерісінің қaндaй кезеңінде екенін, әсіресе олaрдың мықты және әлсіз жaқтaрының сипaты мен себептері қaндaй екендігі турaлы aлынғaн мәліметтерге бaсты нaзaр aудaртaды.Өзін-өзі бағалау – бұл адамның өз бетімен, мақсатты жүйелі жүргізетін жұмысы. Соның нәтижесінде әлеуметтік бағалы қасиеттері дамып қалыптасады, кемшіліктері жойылады. Өзін-өзі бағалау үдерісі, бұл – қозғалыс, құрылым. Өзін-өзі бағалау дегеніміз өзіне-өзі сену. Өзіне баға беруде үлкен мән жатыр, жеке адамның мүмкіндіктеріне сәйкес баға беру дамуға алғашқы қадам. Өзіне–өзі баға берудің келесі қадамы алдына мақсат қоюы. Бірақ оқушы өзін-өзі бағалауды өз бетімен қалыптастыра алмайды. Өзін бағалау үшін басқалардың оны бағалауы керек, сондықтан оған басқа адамдармен қарым–қатынаста болу қажет. Өз күшіне деген сенімділікті оқушы басқа оқушылармен бірлескен іс-әрекетте жетеді. Бағалауды мынадай 6 параметрлер арқылы айқындадым: білімділік, түсіну, пайдалану, талдау, жинақтау және бағалау. Мысалы, ойлау деңгейінің талдау параметрінде топтық жұмыста пікір алмасуда, өз ойын жеткізе алу қабілетінің артқанын, өз-өзіне сенімділігі қалыптасқаны, өзгені тыңдай білу арқылы салыстырмалы түрде үйрену критерийлерін көрсете алды. Осы критерийлерді анықтауда төмендегідей индикаторларды қолдана білдім: уақытты тиімді пайдалану, ситуацияны шешу, кесте бойынша сұрақтарға жауап алудан байқадым. Осы индикаторлар арқылы сұрақтарға мақсатты инфинитивті пайдалана отырып жауап беру, жан-жақты проблеманы қарастырып, шешу, тапсырмаларды орындауда өз шеберлігін көрсету арқылы дескрипторын шығара білдім.Мен өзімнің сaбaқтaрымдa тaнысқaн бaғдaрлaмaның жеті модулінде қaмтуғa тырыстым. Менің алгебра пәнінен 8 - сыныптa өткен «Интервал әдісі»тaқырыбындaғы сaбaғымдa бaғдaрлaмaның төрт бірдей модулін қaрaстырып кеттім, aл қaлғaн екі модуль сaбaқ бaрысындa элементтері бaйқaлды. Олaр:
Оқыту мен оқудaғы жaңa тәсілдер;
Сыни тұрғыдaн ойлaуғa үйрету;
Оқыту үшін бaғaлaу және оқуды бaғaлaу;
Тaлaнтты және дaрынды оқушымен жұмыс;
Сабақтың мақсаты: Интервал әдісімен танысу,квадрат және бөлшек рационал теңсіздіктерді интервал әдісімен шешуді үйрету.Күтілетін нәтиже:
1.Мүмкін міндер жиынын табуды үйренеді.
2.Топтық жұмыста талқылауда және өздігінен жұмыс жасау арқылы есептер шығаруда қолданылатын алгаритімімен танысады.
3.Теңсіздіктерді шешуде ережесін дұрыс қолданады.
4.Венн диараммасы арқылы квадрат және рационал теңсіздікті салыстыра алады.
Сабақ Сын тұрғысынан ойлау модулінінің әдістеріне негізделіп,«Блум таксаномиясы» бойынша жоспарланып құрылды.Жеті модуль әдістері тиімді ықпалдастырылды.Сабақтың басында оқушылар «Молекула» тәсілі арқылы төрт топқа топтасты.Бұл тәсіл оқушылардың топтасуымен қатар кластың психологиялық ахуалын жақсы жаққа өзгертуге бағыттады.Үй тапсырмасын тексеруде жұптық жұмыс жүзеге асырылды, сонымен қатар оқушыларға бірін-бірі бағалауға мүмкіндігін жасалды.Сабақтың әр кезеңінің тиімді өтуіне Сын тұрғысынан ойлауда «БББ» кестесі көмектесті.Оқушылар тақырып бойынша білетін және білгісі келетін ақпарат туралыөз ойларын еркін жеткізе алды.Бұл сабақта СТО-ның « Венн диаграммасы» да ұтымды қолданылды.Венн диагаммасының сол жақ бөлігін ақпарат туралы ерекшеліктерін, өткен сабақты қайталаумен ұштастырылса, келесі бөліктерін жаңа сабақты пысықтап, бекітуде ұтымды қолданылды.Бұл тәсіл арқылы оқушылардың барлық ақпаратты салыстырып, ортақ қасиеттерін анықтауда тиянақты қорытынды жасап, ортақ шешімге келді.Жаңа сабақтағы тапсырмалар Блум таксаномиясының әр кезеңіне бағыттала құрылып, өтті.Тапсырмалар әр кезең сайын сайын күрделендіріп отырды.Осы орайда жеке, жұптық, топтық жұмыстардың нәтижелі іске асқаны көрінді.Менің екінші сабағым «Интервал әдісіне есеп шығару»
Мақсаты: Интервал әдісін есептер шығаруда тиімді пайдалана білу Күтілетін нәтиже:
1.Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, тапсырмаларды өздігінен және жұптаса жұмыс жасайды
2.Бастапқы білімдерін жаңа біліммен ұштастыра отырып,квадрат және рационал теңсіздіктерді шешуде интервал әдісін тиімді қолданады
3.Ынтымақтаса жұмыс жасап,мүмкін мәндер жиынын таба біледі, шешімдер шығаруға дағдыланады.
Сабақ Сын тұрғысынан ойлау модулінінің әдістеріне негізделіп,«Блум таксаномиясы» бойынша жоспарланып өткізілді.Жеті модуль әдістері де тиімді ықпалдастырылды.Сабақтың алғашқы кезеңі психологиялық ахуалды жақсы арнаға түсіру мақсатында Шаттық шеңбері тренингісінен басталады.Үй тапсырмасын тексеруде жұптық жұмыс жүзеге асты.Бұл оқушылардың бірін-бірі бағалап ғана қоймай, бір-біріне сеніммен қарауға ықпалы зор болды.Үй тапсырмасын қорытындылауда СТО-ның «Бумеранг» әдісі қолданылылды.Бұл әдіс арқылы тыңғылықты қайталау жүргізілді деп толық айтуға болады.Себебі сұрақтар жазу әр топқа ұсынылды,яғни сұрақ құрудың өзінде қайталау жүріп жатты, ал оған жауап беруде ақпарат тиянақты пысықталды.Бұл орайда есте сақтау , ойын еркін жеткізу қабілеттері арта түсті.Оқушылар топ ішінде ынтымақтаса жұмыс жасап, «Бумеранг» болып оралған сұрақтарға белсене жауап беруге тырысты.Сабақтағы тақырыпты меңгерту кезеңінде де топтық, жұптық жұмыстарға мән берілді.Бұл орайда бірін-бірі оқытудың рөлін айта кеткен жөн.Сонымен қатар дәл осындай жұмыстарда сабаққа бейжай отырған оқушы қайткенде де әрекетке тартылады екен.Алгебра сабағындағы есептеулердің көп жүргізіледі. Сол себепті сабақта сергіту сәтін өз уақытында ұйымдастырылуына аса назар аударылады.Сабақ СТО-ның «Блум таксаномиясына» негізделіп құрылғандықтан деңгейлік тапсырмалар беру өте тиімді болды.Сонымен қатар оқушының қабілетін дамыту мақсатында дарынды оқушыға да жеке тапсырма орындау ұсынылды.Үшінші сабағым «Интервалдар әдісіне есеп шығару» Мақсаты: Интервалдар әдісін күрделі типті есептер шығаруда тиімді қолдану Күтілетін нәтиже:
1. Рационал теңсіздіктерді шеше алады
2. ММЖ сан аралығына белгілеуді біледі
3. Ең үлкен, ең кіші бүтін шешімді сан аралығынан таба біледі
Сабағым ұйымдастыру кезеңінен кейін «Шаттық шеңбер» арқылы бір-біріне тілектер айтумен басталды. Төрт түрлі карточканы таңдау арқылы топқа бөлінді. Қолдарындағы қағаз қиындыларын құрап, ішіндегі мәлімет туралы өз ойларын айтуға тапсырма берілді. Бұл бір жағынан топқа бөлуге, екінші жағынан өтілген тапсырманы естеріне түсіріп, есептер шығарудағы қолданысын айтуға мүмкіндік туғызды. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту арқылы топта барлық оқушының сабаққа белсенділікпен кіріскені байқалды. Әсіресе қыздар шапшаңдық танытты. Мағынаны тануда «Ойлан, топтас, талқыла» әдісі қиындатылған тапсырманы бірге орындауға және қиындықты жеңуге таптырмас мүмкіндік болды. Әр оқушы өзіне берілген есептердің дұрыс шығарылуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге талпына білді. «Семантикалық карта» арқылы сан аралығынан ең үлкен және ең кіші мәндерді табуды сәйкестендіріп, есептің шешімін жылдам таба білді. Сабақты қорытындылай келе кері байланыс ішіндегі рефлексия арқылы мынадай сұрақтарға жауап алдым: нені білдім? жаңаша нені үйрендім? нені басқаша істер едім? Сабақта әр топ көшбасшы оқушылардың қаншалықты деңгейде сабаққа қатысып, шығарған есептерінің дұрыс болуын талдап айту арқылы бағалады. Қарсылық танытқан оқушы болған жоқ, керісінше өз қателерін келесіде түзейтіндерін айтып отырды. «Оқыту мен оқудaғы жaңa тәсілдер» жеті модульдің бaрлығындa қaрaстыруғa болaтындығынa қaрaмaстaн, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»модулін басшылыққа алдым. Себебі олaр әлеуметтік сындaрлылық өзқaрaстaрмен тығыз бaйлaнысты.Сабақтарымда оқушыларды бағалауда әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдана білдім. Бір сабақтарымда топпен бағалап көшбасшыны анықтасам, келесі бірінде оқушылар бірін-бірі топты бағалауға жүзеге асырдым. Топпен жұмыс жүргізу барысын оқушыларға балдық жүйемен бақылау парағы арқылы жиынтық баллын шығардым. Оқушыларды бағалай сөйлеу арқылы, өз жұмыстарының нәтижесін көрсету арқылы жұмыс жүргізе білдім. Сонымен бірге сабақ сайын өз – өзіме сұрақ қойып, . Мындай сұрақтарды қамтып отырдым.
-Бүгінгі сабағымда оқушылар не үйренді?
-Бүгінгі тақырып оқушыларға қаншалықты ауыр немес жеңіл болды ма
-Қаншалықты оқушының көзімен қарай алдым?
-Оқушыға сабақ барысында өздігінен білім ауына қандай мүмкіндік жасадым?
Оқыту үшін бағалау – білім алушылар өздерінің оқудың қандай деңгейінде тұрғанын қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейде қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіруі болып табылады. Мен өз тәжірибемде топтау стратегиясында жиі толғанамын өйткені ол өте тиімді стратегия нәтижесі мол. Әр сабақта байқағаным топтын жүмысын оқушылар белсенділігін кеп өздеріне деген сенімділікті көрсетті, бір-бірін тындай біледі. Оқушылар топта өзара тығыз қарым-қатынаста болып бірлесіп әрекет жасады, диолог құрды. Олар берілген есептер бойынша өз ойларын білдіреді пікір алмасты. Дұрыс айтпағандарда болды оңдай жағдайда бірін-бірі түзетті. Ал қортынды ойда ақылдаса келіп біреуі шығып айтты. Сабақтың ой толғаныс кезінде алған білімдерін саралап ,жаңа сабақтың өмірдің маңызын түсінді. Ұстамды оқушылардың тағы бір пайдасы, біріншіден, балалар бір-бірінен қалмауға тырысып, толық қатысады: екіншіден сөйлеу мәдениеті қалыптасады: үшіншіден оқушылар өзара достасады, бір-бірін сыйлауға, шыңдалып үйренеді, өзара жарасады,табысады. Түсіністік болған жерде бір-бірін психологиялық қолдау болады. Сондықтан оқушылардың толқынысы артады, әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезіндіреді және өз үлесін қосуға талаптанады. Бір адамның айтқанынан гөрі, бірнеше адамның айтқаны есте жақсы сақталады Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданылатын кез – келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай–ақ баланың даму, және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Сұрақ- жауап кезінде де мен айтайын, мен шығам деген оқушылардың көшбасшылықтарын байқап, өзім іштей қуандым. Қорыта айтқанда, сабақтағы жетістігім мына төмендегідей:
- Оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренді.
- Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды.
- Бір- біріне жоғары дәрежедегі сұрақтар қоюға машықтанды.
- Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болды.
- Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс істеу дағдылары дами бастады.
Алдағы уақытты жаңаша оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану арқылы өзгерістер болатынына сенімдімін. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау , жаңа тәсілдермен оқыту қиынға соқты. Бірақ, оқушыларыма бұл әдіс - тәсіл бойынша оқыту мен оқу қатты ұнады. Мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді көздерінен оқып, маған да сабақ беруіме бір жаңаша құлшыныс пайда болды.Қорыта келгенде, бұл жеті модуль идеяларын күнделікті іс- тәжірибемізге ендірсек, жоғарыда айтылғандай кедергілерден арылармыз деген ойдамын.
Автор: