Мейірімділік асыл қасиет
Мейірімділік асыл қасиет
Мейірімділікті анадан үйрен.
Халық даналығы
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық», «құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі –құралдар: дәптер, жүрекшенің үлгісі, тауық пен балапандардың суреті.
Балалар, біз седермен бүгін бір ғажайып елге саяхатқа барамыз ол қандай ел екенін маған сендер айтатын боласыңдар.
-Жарайма!
Шаттық шеңбері
- Балалар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір –біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік .
Әңгімелесу
- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
- Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?
- Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Тыныштық сәті
Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.
Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.
Мәтінмен жұмыс
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастаған кезде бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- мен- деді тұңғышы.
- Мен барайын! - деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз! – деді ең кішісі.
- Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.
- Қатесін түсінген сен барғаның жөн! –деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тондырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.
Сұрақ қою
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
- «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ал сендер мейірімділікті, қайырымыдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
- Сендер мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Балдалардың жауаптарын тыңдаймыз
Дәйексөз
Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді
- Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтінім табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан басталады. Табиғаттың барлық жанға бірдей болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігінен сақтап қалуы өз қолында.
Ойын
«Мейірімді жүрек» ойыны ұйымдастырылады
Ойынның шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Ойын бастауышы жүрекшенің үлгісін қолына ұстап тұрып:
«балалардың мейірбандық жүрегі, адамдарға бақыт шаттық тіледі» - деп айтады
Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап айтады да, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады.
Жаңа ақпарат
Балаларға мейірімділік сөзінің мағынасын түсіндіремін. «Адамдар бір-біріне, туған- туыстарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.»
Ал енді келесі тапсырмаларды орындайық
Тапсырма:
Суреттерге қараңдар.
- Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.
- Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?
- Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар
Дәптермен жұмыс
1- Тапсырма
Өздеріңді жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар немесе суретін салыңдар
2- Тапсырма
«Ана-деген кім?» сұрағына жауап жазыңдар
3- Тапсырма
«Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздерің жасаған ізгілік істерің туралы шағын әңгіме құрастырып жазыңдар.
Қортындылау
Қазақ халқында мейірімділік, қамқорлық, жақсылық туралы көптеген мақал мәтелдер бар. Біз қазір сол мақал- мәтелдерді дұрыс құрастырып көрейік.
Жүректен- жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді
Ойын «Мейірімділік жібі»
- Енді біз « Мейірімділік жібі » деген ойынымызды бастаймыз.
Шарты: Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін, жәй бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер болса, дәл осылай келесі балаға бересіңдер.
(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады)
- Күлімдеген- күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді
- Таза мөлдір су – мейірімді!
- Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!
- Егіні мол жер мейірімді!
- Қамқор апам мен ағам мейірімді!
-Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.
Үй тапсырмасы
Дәптерде төмендегі сұрақтарға жауап жазу
1.Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүресіңдер?
2. Өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді санамалап жазыңдар.
3. Қандай жағымсыз қылықтардан аулақ жүруге тырысасыңдар?
Жүректен жүрекке
Қолдарыңдағы жүрекшелеріне
-Ата-анасына, туыстарына, достарына, жақындарына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін жақсы тілектерімен білдіреді.
- Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.
- Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.
- Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.
- Талапты достарыма табыс тілеймін.
- Сыныптастарыма амандық тілеймін.
- Отбасыма бақыт тілеймін.
Ал енді сабағымызды ең мейірімді жан туралы әнмен аяқтайық
Автор: Кукеева Орынкуль Исмагуловна