ктж 1 класс сауат ашу
Бұл әдістемелік құралда бастауыш сыныптарда 1-сынып пәндерін оқыту барысында бағдарламалық талаптарға сай өңделген оқулықтарға негізделген сабақ жоспары ұсынылып отыр. Сабақ жоспары әліппе, ана тілі, математика, дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, салауаттану, дене шынықтыру пәндері бойынша жасалған.
Жасалған сабақ жоспары қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім беру қызметіне жаңаша қарау, әлемдік тәжірибелерге және қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескеріп, оқыту мен тәрбиелеу мәселесінде тиімді жолдарды таңдап, дұрыс жоспарлауға бағыттайды.
Сол себепті, бұл әдістемелік құрал бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысын жоспарлау үшін мұғалімдерге, студенттерге олардың кәсіби шеберлігін шыңдауына көмек көрсету үшін ұсынылады.
Автор: Бекбергенова Сара Алимжановна