Главная / Начальные классы / Разное

Еңбек - бәрін жеңбек -2 сынып, Өнерлі бала сүйкімді - 3 сынып

Скачать
815.88 КБ, 643700.pptx Автор: Кукеева Орынкуль Исмагуловна, 31 Мар 2015

Сабақтың тақырыбы: 2- сынып «Еңбек – бәрін жеңбек»

3- сынып «Өнерлі бала сүйкімді»

Сабақтың мақсаты:

«Еңбек», «өнер» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру

- еңбек етуге, өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;
- еңбексүйгіштікке, өнерпаздыққа, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, Сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суретер, жүрекшелер.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның алғашқы күнінде яғни, дүйсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.

Шаттық шеңбері

Оқушыларм бірге шеңбер құрып mұpaды сәлем­деседі, ән айтады:

Болайықшы осындай

Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

қиындықты жеңіп кіл,

құшағы гүлге толады.

қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы, досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Уқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

Тыныштық сәті

Үнтаспа тыңдау
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Бір кезде Айнала қап- қараңғы боп кетти. Ештеңе көрінбейді. Жо-жоқ бір нәрсе көрінетін сияқты. Бұл не екен? «Бұл еңбек» және «өнер» Көздеріңе елестетіп көріңдер. Олай болса енді көздерімізді ашып айтайық не көрдіңдер.

Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу жvргізіледі.

• Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

• Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

• Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

• Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Адам өмірді не үшін үйренеді?

Өнерлі өрге жүзер? Дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

- Дұрыс айтасындар! Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адам­ға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, ден­саулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді. Өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева жайлы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі.

Жаңа ақпарат Қоршаған әлемді шығармашылықпен
көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады . Өнер әр адамға керек.
Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

Тапсырма

Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түр­лерін анықтау vшін балаларға тапсырма береді

Мәтінмен жұмыс

М ұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген

Б. Әділовтің «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар Сұрақ бойынша өз ойларын айтады Еңбексіз өмір – сүреңсіз

Б.Әділов

Мысал әңгіме

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппа­ды. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қам­далса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шал­қайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тап­ты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Бол­ды, - деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін! ...

Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жары­ғынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті.

- Төмен секір, - деді қара пышақ. – Бірге жатаиық. БІЗДІ ешкім білмейді.

- Ол жерде не бар?

- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

- Ал жұмысты кім істейді?

- Жұмыс бізсіз де істеледі. .

- Рақмет! – деді Сары пышақ. – Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақа­тыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

• Мысал әңгімедегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

• Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

• «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Оқушылар өз бетінше «Құмға салған сурет» К. Сегізбаев мәтінін оқып отырады Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінеді?
Әбілхан Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?
Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?
Әбілхан Қастеев туралы мағұлмат
Әбілхан Қастеев – қазақ халқының ұлы суретшісі . Ол Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекетінің сылығының лауреаты.
Суреші 1904 жылы Талдықорған болысы, Панфилов ауданындағы Шежін ауылында көшпелі кедей семьясында дүниеге келген . Ол өзінің қас шеберлігінің арқасында көптеген жетістіктерге жетті. Әбілхан Қастеев Қазақ ССР халық суретшісі деген жоғары атаққа республика қыл қалам шеберлерінің арасында бірінші ие болды,ол суретшілік жаратылысы мен талғамы эстетикалық дәстүр мен өмірді терең танауы негіздегі қалыптасқан тума талант еді.

Дәйексөз

Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама мен дәйексөздің мағынасын түсіндірумен түйінделеді.

Тақтада Абайдың «Еңбек – қуаныш, жалқаулық ­айырылмас азап» деген нақыл сөзі

Адамдықтың басты қасиеті- өнер, білімге ұмтылу

Абай

-Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық» epіншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек ет­сең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді ба­қытты санайсың. Жалықпай еңбек еткен адам ғана өнерге қол жеткізеді. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.

Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ ) рөлдерде өлеңді мәнер­леп оқиды.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап:

- қайдан келдің, бауырсақ? ­Деп сұрады қуыршақ.

- Дүкеннен келдім

Нан сатқан, -

Деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Оқулықтагы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде ша­шылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс да­ласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?,> - деген Сұрақ аясында шығып сөйлейді.

Өмір таны, өнер қу.
Д. Әлімжанов
Өмір таны,өнер қу,
Өнер табу –ол да оқу.
Талаптансаң тартынба,
Өз күшіңде жол табу!
Өнер сүйсең жиренбе,
Дамыта бер, үйрен де!
“Өнер алды кең”,-деп біл,
Қалсын үлгі кейінге!

Ребусты шешу

Дәптермен жұмыс

М ұғалім оқушыларға дәптермен Жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

«Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбыңда әңгіме жазыңдар.

Өз өнерлерің туралы«Еңбек –өнер бастауы» тақырыбында әңгіме жазыңдар

Қорытындылау
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір- біріне Жүрекжар­ды тілектерін айтады.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте терсең зерлеп

Мұның аты еңбек

Домбыра мен биге,

Ән мен күйге

Жүрсең күнде қатысып

Мұның аты еңбек

«Айгөлек» - өлеңі

Как сделать цветок из бумаги?
Представленная ниже схема покажет, как быстро сделать розу.
1. Берем квадратный лист красной бумаги.
2. Вырезаем из него круг.
3. Чертим спираль и вырезаем, как показано на рисунке.
4. Сворачиваем получаем красивый бутончик розы. Его можно прикрепить туда, куда вам нравится.


Автор: Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Похожие материалы
Тип Название материала Автор Опубликован
презентация етістік 3-сынып Солтанова Земфира Стахановна 20 Мар 2015
документ Математикадан ашық сабақ 3 сынып Тақырыбы: Көлем. Сыйымдылық Муртазина Ардак Тельжановна 9 Мар 2016
документ Сынып үздігі Альсуеуова Гулбану Сагидуллаевна 30 Мар 2015
презентация 11 сынып ата - аналарымен өткізілген №4 жиналыс Сембаева Жадыра Куситкановна 20 Мар 2015
документ Қазақ тілі 5- сынып. Қыс Торжанова Айгуль Дайыровна 20 Мар 2015
документ "Қысқаша көбейту формулалары" 7 сынып Кожагулова Айшолпан Алибековна 21 Мар 2015
документ Қаламның болашағы 6 сынып Жайлибаева Гульшат Калиевна 21 Мар 2015
документ 10 сынып,ІІІ тоқсан,бақылау Кызайгельди Назгуль Нуркасымовна 20 Мар 2015
документ Өздік жұмысы "Жай бөлшектер" 5 сынып Скакова Роза Маратовна 6 Апр 2015
документ Зат есім 1 сынып Киякова Айжан Амангельдиновна 14 Сен 2015
документ 7-сынып, қазақ тілі пәні. Септік жалғаулары Камбылова Арайлым Женисбековна 20 Мар 2015
документ Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру Жумагалиева Роза Матжановна 31 Мар 2015
документ Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны" Калыгулова Нурсулу Бексултановна 31 Мар 2015
документ Мектепалды даярлық пен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық Абишева Назгуль Назаровна 4 Апр 2015
документ "М.Мақатаев."Райымбек!Райымбек!" дастаны" тақырыбында ашық сабақ жоспары,9-сынып Оразалы Перуза Асенкызы 9 Дек 2015
документ Еңбек түбі - береке Жумагалиева Роза Матжановна 3 Фев 2016
документ Кешкі мектептің сырттай және экстерн түрінде білім алатын 9 – 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен сынақ тапсырмалар жинағы Байбосынова Касиет Абдуалиевна 20 Мар 2015
документ Сценарий осеннего бала для 3-4 классов Ахметжанова Гульнара Абдулловна 1 Апр 2015
документ сценарий осеннего бала -2015 Амирова Эльвина Фанилевна 3 Мар 2016
документ Сценарий выпускного бала в разновозрастной группе (3-7 лет) Кормилицина Татьяна Владимировна 24 Авг 2015
документ Сценарий выпускного бала в разновозрастной группе (3-7 лет) Кормилицина Татьяна Владимировна 24 Авг 2015
разное урок словесности на тему: "Экспрессивные возможности конструкций с однородными членами в рассказе Л.Н.Толстого "После бала" Морщакова Татьяна Николаевна 3 Сен 2015
документ "Әдепті бала, арлы бала" тәрбие сағаты Байганышева Камчат Мырзабаевна 31 Мар 2015
разное Фото с выпускного бала Кожаева Нина Федоровна 31 Мар 2015
документ Қазына көтерген бала Сейткалиева Светлана Несипбеккызы 30 Мар 2015
документ Сценарий осеннего бала Ляшок Кристина Петровна 1 Апр 2015
презентация Тәрбияле бала Камалова Руфия Габдулбаровна 1 Апр 2015
разное Бала ялганы. Нигматуллина Фарида Гусмановна 31 Мар 2015
документ Бала тормышында уен. Галипова Гадила Талгатовна 4 Апр 2015
документ Бала укырга керә Галипова Гадила Талгатовна 4 Апр 2015
документ Сценарий осеннего бала Бурлакова Алина Владимировна 31 Мар 2015
документ Сценарий осеннего бала Бурлакова Алина Владимировна 31 Мар 2015
документ Сценарий осеннего бала Бурлакова Алина Владимировна 31 Мар 2015
документ Сценарий выпускного бала. Коновалова Екатерина Васильевна 31 Мар 2015
видео Л.Н.Толстой "После бала" Яковлева Вероника Николаевна 1 Апр 2015
документ Сценарий бала Кузнецова Ирина Анатольевна 16 Апр 2015
разное Л.Н.Толстой "После бала" Малина Елена Васильевна 6 Сен 2015
видео, документ Сценарий Осеннего Бала. Джамирзова Бэла Амербиевна 6 Дек 2015
Конспект урока "После бала" Сучкова Вера Васильевна 13 Ноя 2016
документ Сценарий осеннего бала. Сценарий осеннего бала для 5-9 классов. Петрова Зинаида Вениаминовна 1 Апр 2015