21- ғасыр Көшбасшысы
ХХI-ғасыр көшбасшысы
Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, материалды меңгеру дәрежесін тексеру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сынып көшбасшысын анықтау.
Көрнекілігі: карта, сұрақтар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру барысы:
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сабақта алған білімдерін мына турларда көрсетеді.
1. «Бәйге»,
2. «Көкпар»,
3. «Жорға»
Әрбір сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.
Сайысты бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырамыз.
1. Жаны жайсаң жүрегі толған нұрға
Шәкірт үшін биік тұлға, зор тұлға
Асқақтатып абыройын мектептің
Ризамыз апайға.
2. Мектебімнің ыстығына күйетін
Шәкірттерін қадірлейтін сүйетін
сынды ұстазым
Жүрекке жыр, көңілге сыр түйетін.
3. Бүгінгі күн үш тілді де меңгерген
Өгейсітпей үшеуін де тең көрген
ұстаз шәкірттерге ұқтырар
Кедергі жоқ үш тілді де кем көрген.
Жүргізуші:
«Білімді ұрпақ болашақ» деген, «Білімсіздің күні қаріп, білімдінің түні жарық» -демекші бугінгі сайыста өз білімдерін сынау үшін келген сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1. Ахметова Дильназ
2. Сейтов Тамирлан
3. Кабдулов Алмаз
4. Бітібай Бекарыс
5. Сабит Диас
6. Сагинбаева Дильназ
Ал, оқушылар өздеріңіздің алға қойған мақсаттарыңыз қандай?
Енді бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
І. Тур «Бәйге»
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын.
Қосатұғын күрең атын боз атын
Басталады «Бәйге» атты сайысың
Шықсың шәкірт биікке қол созатын.
Шарты:
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 12 сұрақ беріледі
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың дұрыс жауабын сайыскерлер алдарындағы парақшаға белгілейді.
4.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің жауап парағы сарапшыға беріледі.
5. Сарапшы айналымда аз ұпай жинаған үш оқушыны ойыннан шығарады
1.ҚР мемлекеттік әнұранының авторын көрсет
А) Н.Ә.Назарбаев в) А.Байтұрсынов с) Ш.Уәлиханов
2. Ноталардың саны қанша ?
А)6 в)7 с)8
3.Сазгер Абай Құнанбаевтың дүниеге келген жері ?
а)Семей в) Қызылорда с)Шымкент
4 . Әнді кім жазады
а) әнші в) күйші с) биші
5. Қырғыз халқы музыкалық аспаптары жағынан қай ұлтқа ұқсайды?
А)орыс в)қазақ С)неміс
6. Бес жолмен жүреді бар әуенді біледі?
А) нота в) тембр С)такт
7.Өз жанынан музыка шығаратын адам?
А) Дирижер В) Өнер танушы С) Композитор
8.Әуені, сазы бар музыкалық шығарма?
А) Өлең В) Ән С) Шығарма
9. Ұйқасы бар көркем сөз.
А) ән
В)шығарма
С)өлең
10.Қазақтың ішекті музыкалық аспабы
А) Барабан В) Қобыз С)Скрипка
11.Байдың жеті ұлы туралы аңыздан туған музыкалық аспап
А) Жетіген
В)Сыбызғы
С) Гитара
12. Қазақ халық әні
А) Қара жорға В) Қамажай С)Әнұран
Әділқазылар бірінші айналымның ұпай санын есептегенше, Нургалиева Нагираның орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар
Келесі айналым «Көкпар»
Шарты
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Әр тақырып 10, 20, 30, 40, 50 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.
5.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
6. 3 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 2 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.
Салт-дәстүр
10.Айтыстың ең көне түрі (бәдік)
20. Сәукелені желегімен кім,қай уақытта киген ? (жаңа түскен келін)
30. Бесікке саларда айтылатын жыр (бесік жыры)
40. Келін түскенде айтылытын жыр (жар-жар)
50. «Өлең той» дегеніміз не? (Домбыра шертіп, ән айтылатын мереке)
Өнер
10 Ақыл көпке жеткізер,
Өнер ... жеткізер (көкке)
20. Қол өнері - кілемде,
Сөз өнері –(өлеңде)
30. Қазақстан телеарнасында жүргізілетін
балалар мен жасөспірімдерге арналған
музыкалық бағдарлама қалай аталады?(Айгөлек)
40. «Фигароның үйлену тойы», «Сиқырлы сыбызғы»
Операсының авторы ,36 жасқа жетпей қайтыс болған атақты неміс композиторы (Амадей Моцарт)
50. Қазақстанның атын әлемге
паш еткен музыкалық топ (Ұлытау)
Тұлғалар
10.Қазақтың ғұлама күйшісі, “Адай” күйінің авторы (Құрманғазы)
20.Қазақтың бұлбұл әншісі? (Күләш Байсейтова)
30. Мұзарт тобындағы домбырашы кім? (М. Беспаев)
40. Фортепианоға арнап шығармалар жазған орыс композиторы кім? (Чайковский)
50. 500-ден астам ән мен романс жазған кім? (Брусиловский
Ән шырқайық
10.Кәне достар тұрмайық
Қарсы алайық жыл басын... (Жаңа жыл)
20.Көлдей шалқып жас өмір
Тасып жатқан шағында (Айгөлек)
30. Бал балалық балдырған шақ сан арман.
Барлық бала армандауға жаралған... (Бала тілегі)
40. Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп? (Желсіз түнде жарық ай)
50. Таңдаған көңілдегі толғамыңды,
Шындаған тәрбиемен талғамыңды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңе жаңа шәкірт болғанымды (Ұстазым)
Келесі айналым «Жорға»
Шарты
1.Бұл сайыста ойыншыларға төмендегі сұрақтар қойылады, ойыншылар кезегімен жауап береді.
2. Сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Әр сұраққа 1 балл
1.Қазақстан тәуелсіздік алған жылы (1991)
2.Қазақстандағы ең биік нүкте (Хантәңірі)
3.Қазақстанның ең көп шекарасы қай елмен шектеседі. (Ресеймен)
4.Ең төменгі нүкте. (Қарақия)
5.Ең алғаш Африканы ашқан кім ? (Васко да Гамма)
6.Күн жүйесінде неше ғаламшар бар ? (9)
7.Ең терең шұңғыма ? (Мариан-11022 м)
8.Кофенің отаны қай материк (Африка)
9.Ең үлкен арал (Гренландия)
10.Ең кіші материк (Аустралия)
11.Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесіз ? (Арал, Каспий)
12. Қазақтың тұңғыш географ - ғалымы (Ш.Уәлиханов)
Әнге кезек берейік Косанова Асылдың орындауында
Қорытынды:
ХХI ғасыр көшбасшысын атағын жеңіп алды.
Қоштасайық бүгін біздер сіздермен
Қоштасайық көңілдегі біліммен
Көңілдерге көп нәрсені түйіп ап
Кездесейік көңілді жарқын жүздермен.
ХХI ғасыр көшбасшысы анықталып, сыйлық беріледі сайысқа қатысқан оқушыларға рахметімізді айтамыз.
Автор: Кукеева Орынкуль Исмагуловна