Главная / Дошкольное образование / Документы

Жобалық әдісті енгізу- мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың бір бағыты./баяндама/

Скачать
20.58 КБ, 1604951.docx Автор: Брахметова Сауле Муратовна, 15 Фев 2017

Жобалық  әдісті енгізу- мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың бір бағыты.

 

            Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын  жаңарту және қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты тәрбиеленушілерді жан -жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға ретінде тәрбиелеу. Сондықтан соңғы жылдардың ішінде мектепте дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Бірақ балаларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:

 • оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде;

 • берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау;

• алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.            Бұл мәселелерді  шешу үшін мектепке дейінгі тәрбиеде орасан көп педагогикалық технологиялар практикада жүзеге асырылуда, барлығы  үйлесімді және жеке тұлға ретінде дамыған баланы тәрбиелеуге тұспалданған, бірақ біздің ойымызша жобалық әдіс тиімді технологиялардың бірі. Бұл әдіс – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология. Бүгінгі күні дәстүрлі білім беру продуктивті білім берумен алмасуда, оның негізгі мақсаты шығармашылық, коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, белсенді жасампаздық қызметіне мектепке дейінгі баланың қызығушылығын арттыру.      Жобалар әдісі  1920 жылдары АҚШ - та пайда болған екен. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. «Жоба» сөзі латын тілінен шыққан “projektus” «болашаққа алынған» деп аударылады. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Жобалық әдіс – оқытудың қазіргі кездегі инновациялық әдістердің бірі. Бұл әдісті қолдану балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін МЖМБС жүзеге асырудың бір бағыты болып келеді. Жеке тұлғалық бағдарлы тәсіл – білім беру жүйесінің басты орнына баланың тұлғасын, оны дамытудағы ыңғайлы, қауіпсіз, қолайлы жағдайларын құрып, табиғи әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етуін қояды.           Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту процесінде кеңінен орын ала бастады. Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту процесі мен оның нәтижесіне жаңашыл көзқараспен қарау. Онда тәрбиеленушілердің танымдық дағдыларын дамыту, өз дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан  ойлауларын дамыту жатады.                              Жоба технологиясының түрлері: 1.Зерттеу-шығармашылық: балалар эксперимент жасайды, кейін нәтижесін      газет, драматизация, балалар дизайны түрінде көрсетеді; 2.Рөлдік-ойындық (шығармашылық ойындар элементімен, балалар ертегідегі      кейіпкер образына еніп, мәселелерді өз бетімен шешкенде); 3.Ақпараттық-тәжірибелік бағытталған: балалар әлеуметтік     қызығушылықтарын тұспалдай отырып, ақпараттарды жинап, оларды жүзеге     асырады (топтың көркемделуі мен дизайны, сөрелер және т.б.); 4.Шығармашылық (нәтижені балалар мерекесінде балалар дизайны түрінде      көркемдеу).       Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс - әрекеті арқылы шешімін табуды алдын - ала  ескеретін мәселелерге деген мектепке дейінгі тәрбиенушілердің  қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Аталған технологияның  әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды, қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Сонымен жобалау технологияның типтері айқындалынады: 1.Үстемді әдіс: зерттеушілік, ақпараттық, шығармашылық, практикалық- тұспалдау; 2.Мазмұнның мінезіне байланысты: бала және отбасы, бала және табиғат, бала және қоғам. 3.Қатысушы баланың жобаның харектеріне байланысты: тапсырыс беру, эксперимент, орындаушы. Идеяның туындауы мен нәтиже шыққанға дейін қатысушы. 4.Байланыс характеріне байланысты:  өз жас ерекшелік топтарымен байланысты, басқа жас ерекшеліктері топтармен, МДҰ ішінде, отбасында жүзеге асырады. 5.Қатысушылар саны бойынша: жеке, жұппен, топпен. 6.Ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді, орта, ұзақ мерзімді.                 Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады.                 Жобалар әдісі қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Бұны       қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс - әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды, жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды. Жобалар әдісінің кезеңдері: 1.Мотивациялық – қозғаушы кезеңі. Педагог жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады. 2. Жоспарлау кезеңі. Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы  мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс –  әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс –әрекет келісіледі. 3. Ақпаратты жинау кезеңі.Тәрбиеші-тәрбиеленуші-ата-аналар  мәліметтер   жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алынған нәтижені педагог сараптайды.  Бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады. 4. Рефлексивтік бағалау кезеңі. Дайын жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікірталасқа қатысады. 5.Қорытынды            Осымен мектепке дейінгі балалардың  жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым - қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады. Біздің балабақшада «Әлеуметтік орта» саласының кіші саласы «Қоршаған ортамен танысуда» 5-6 жас балалармен жобалық жұмыс жүргізілді. Жобалар жасау арқылы балалар өздерінің жеке қызығушылақтарын көрсетуге ұмтылып, «Отбасы – алтын ұя» тақырыбы бойынша жобалық қызметте балаларға тапсырмалар берілді. Сұрақтарға жан - жақты ақпараттардан жауап ізденгеннен кейін, балалармен жұмысты әңгімесеуден бастадық. Балалар қызығушылықпен орындап, жобаға көтеріңкі көңіл - күймен қатысты, жауапкершілікпен қарады, өз отбасына деген сүйіспеншіліктерін жеткізе алды. Отбасы туралы шағын тақпақтар жаттап, ата – аналарының мамандықтары туралы мақтаншылық сезімдерін білдірді. Келесі күні өз отбасы фото суреттерін, бейнефильмдерін әкелді. Осы жасаған жұмыстың нәтижесін бейнефильмге және фотосуреттерге түсіріп, түрлі слайдтар жасадық. Балалармен бірігіп жұмыс жасаған  жобаға ата - аналардың көмегі зор болды. Сонында әр тәрбиеленуші  ата –аналарымен бірге өз отбасының генеологиялық ағашын жасап, әр отбасы өздерінің жобаларының тұсау кесерін жасайды.     Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтің жобалық жұмыстарының реттілігі: -баланың қызығушылығы мен қажеттілігіне байланысты педагог мақсат қояды;   -проблемаларды шешу үшін мектепке дейінгі балаларды ынталандырады; - мақсатқа жету үшін жоспар құрады (балалармен ата-аналардың қызығушылын қолдайды); - ата-аналар жиналысында жоспарды отбасымен қарастырады; - жобаның кестесін құрып, материалдар мен ақпараттар жинайды; - ұйымдастырылған оқу қызметі, ойын, бақылау, саяхат өткізеді (жобаның негізгі бөлімінің іс-шаралары); - балаларға және ата-аналарға үй тапсырмалары беріледі; -ата-аналар мен балалардың өздігімен жасалынған шығармашылық жұмыстарын мадақтайды (материалдарды іздеу, ақпараттар, дидактикалық материалдар, суреттер, альбомдар және басқа материалдар); - жобаның презентациясын ұйымдастырады (мереке, ҰОҚ, демалыс);

- қорытынды шығарады (педкеңесте таныстырады, жұмыс тәжірибесімен бөліседі);     Мектепке дейінгі ұйымдарда  жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек талап етеді. Сонымен қатар басында айтылған мәселелерге жауап табылды: •оқыту үрдісінде өздігінен жұмыс орындаулары жоғары деңгейде. •  берілген тапсырманы дұрыс қабылдау және оны толық жүйелі түрде орындау. • алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алады.     Жобалау технологиясы негізінде - тәрбиеленушілер жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Мектепке дейінгі балалардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда айтылғандай, оны дұрыс жоспарлай білу қажет.          

      Қорытындылай келе, жобалау қызметінде баланың субъектік позициясының  қалыптастуы құрылады, баланың өзіндік ашылуы, оның қызығушылығы мен қажеттіліктері жүзеге асырылады, осының барлығы мектепке дейінгі баланың жеке тұлға ретінде дамуына себепші болады. Бұл заманауи кезеңнің әлеуметтік тапсырысына сәйкес келеді.

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. – Астана, 2009. 2.  Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. Тараз.  3. Виноградова Н.А., Панкова Е.П. Образовательные проекты в детском саду. Пособие для воспитателей. - М.: Айрис-пресс, 2008. – 208 беттер 4.  Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, Жазушы,2012  100-108 беттер. 5. Пахомава Н.Ю. Проектное обучение-что это?// Методист, №1, 2004-с. 42


Автор: Брахметова Сауле Муратовна
Похожие материалы
Тип Название материала Автор Опубликован
Жобалық әдісті енгізу- мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың бір бағыты./баяндама/ Брахметова Сауле Муратовна 15 Фев 2017
Жобалық әдісті енгізу- мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың бір бағыты./баяндама/ Брахметова Сауле Муратовна 15 Фев 2017
Білім беру саласы Образовательная область: Познание Бөлімдері Раздел: Естествознание Микульская Оксана Владимировна 6 Мар 2018
документ Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану Муратбекова Шинар Капизовна 30 Мар 2015
документ Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу Тулемисова Гульдана Абуталыповна 21 Мар 2015
документ Бастауыш сынып оқушыларына арналған білім биржасы "Зияткерлік ойыны" Калыгулова Нурсулу Бексултановна 31 Мар 2015
документ "Кітап-білім бұлағы" тәрбие сағаты Калыгулова Нурсулу Бексултановна 16 Ноя 2015
документ "У медведя во бору грибы, ягоды беру" Роголёва Ольга Сергеевна 19 Окт 2015
документ Урок на тему "Волейбол добын беру және қабылдау түрлері " Нигметов Марат Нигметович 6 Дек 2015
документ У медведя в бору грибы ягоды беру……. Дмитрова Евгения Александровна 16 Фев 2016
документ «№ 12 орта мектепке қарасты «Қарлығаш» жазғы демалыс лагерінде «Балақай! Алақай!» қазақ тілі үйірмесінің атқаратын жұмыс жоспары» Торжанова Айгуль Дайыровна 25 Апр 2015
документ Кешкі мектептің сырттай және экстерн түрінде білім алатын 9 – 11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен сынақ тапсырмалар жинағы Байбосынова Касиет Абдуалиевна 20 Мар 2015
документ АҚПАРАТ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ Хартли және Шеннон формулалары.   АҚПАРАТ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ АҚПАРАТТЫ ӨЛШЕУ БІРЛІКТЕРІ. САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ; САНДАРДЫ БІР САНАУ ЖҮЙЕСІНЕН ЕКІНШІГЕ АУДАРУ. ЕСЕПТІ ШЫҒАРУ МЫСАЛДАРЫ Ташходжаев Султанмурат Акмалович 21 Мар 2015
документ Ойындар мен жаттығулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары (тамыз маслихатында оқылатын баяндама) Жакина Жанылсын Ануаровна 31 Мар 2015
документ баяндама Жумагалиева Роза Матжановна 4 Апр 2015
Информатика пәнінен дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс жүйесі (Баяндама) Маужигитова Акрыс Габитовна 28 Июн 2016
Жообалау әдіінен баяндама Брахметова Сауле Муратовна 15 Фев 2017