Главная / Дошкольное образование / Аппликация, лепка

«Мысықтың орама жіппен ойнауы.»

Скачать
16.68 КБ, 1605204.docx Автор: Мырзабекова Салтанат Балтабаевна, 15 Мар 2017

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің  технологиялық картасы

Жасы:(5-6 жас)

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Мысықтың орама жіппен ойнауы.»

Мақсаты:Балалардың қол жануарлардыңдене мүшелерін мүсіндеу барысында бірнеше қимыл-қозғалысты көрсете білуге жаттықтыру.

Алдын ала жұмыс және оқу іс әрекетіне дайындық:мысық туралы тақпақ оқу

Сөздік жұмыс:мысықтың орама жіппен ойнауы

Дидактикалық материалдар:ермексаз,суреттер,тақтайша,сүрткіш,үлгі

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың  әрекеттері

Мотивациялық қозғаушы

Тақтада мысықтың үлкен макеті немесе суреті ілулі тұрады.

Жұмбақ:

Өзі жап жас мұрты бар,

Етпен сүтке ұмтылар.

Тастайды жылы үйді,

Түкті тоны шұп шұбар.

 

Ендеше,балалар бүгін біз мысық туралы әңгімелей міз.

Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.

 

 

 

 

 

Мысық

 

 

Проблемалық ізденушілік

Сурет бойынша (немесе макет) тіршілігін , құрылы сын,пішінін түсіндіру , көрсету.

Балалар мысық ол не?

 

 

Балалар мысық қайда мекендейді?

Өте жақсы балалар,сондық танда мысықты үй жануары деп айтамыз.

Мысықты ренжітуге бола ма?

Кімнің үйінде мысық бар?

Мысықтың іс-әрекетінің ерекшелігін әңгімелеп ,ашу.

 

 

 

 

 

Мысық қалай дыбыстайды

Мысыққа қандай қасиеттер тән?

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп

Беті қолын жуады

Қасымнан бір қалмайды

Көзін қысық алдайды

Ойнатсамда күнімен

Ойыны бір қанбайды.

 

Ойын: «Жіп шатастыру»

Мысықтын бейнесін(қимыл-қозғалыс ,көңіл-күй)мүсіндеу жолдарын түсіндіріп көрсету.

Сөздікпен жұмыс.

Талдау жүйесі.

Мүсіндеу әдісін көрсету.

Балалар мұқият тындап,түрлі сұрақтарға жауап іздейді.

 

 

Ол жануар.

Мысық  үй жануарына жатады.

 

 

 

 

 

Жоқ, ренжетуге болмайды.

Әр бір бала  өз үйіндегі мысықтың қылықтарын айтады.

Мысық тышқан аулайды

Сүтті тілімен жалап ішеді

Ас ішіп болғасын беті қолын жуады.

Аяғы төртеу.Көзі екеу,құй рығы біреу,құлағы екеу.

Мияу деп дыбыстайды

 

 

Балалар  өлең шумағына сай қимыл жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынға қызыға кіріседі.

 

 

 

 

 

Жаңа сөздерді түсініп, еске сақтау.

Рефлекстік-

түзету

Балаларды мақтау-мадақтау.

Кәне бәріміз мысық туралы өленмен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтаймыз.

Балалардың жұмысын қарастырып, атап өту.көрме ұйымдастыру..

 

 

 

 

Күтілетін  нәтиже:

Ұғынады:.Үй жануарларды естеріне түсіру, пайдасы.

Түсінеді:Балалардың қол жануарлардың дене мүшелерін мүсіндеу барысында бірнеше қимыл-қозғалысты көрсете білуге жаттықтыру

Қолданады:Ермексаз арқылы мысықтың орама жіппен ойнауын мүсіндеу.


Автор: Мырзабекова Салтанат Балтабаевна
Похожие материалы