Главная / По задаче / Общепедагогические технологии, начальные

Тақырыбы: Етістік .

Скачать
2.54 МБ, 645933.ppt Автор: Сапарова СветланаТураровна, 31 Мар 2015

Шу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі

«Төле би атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

/3 сынып/

Мұғалім: Сапарова С.Т.

Қонаев ауылы

Тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік : Етістік сөз табы туралы толық түсінік беру, етістіктің негізгі мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың сауатты, әдемі жазуға, сөйлемді қатесіз

жазуға, сөздік қорын байыту, ойлау жүйесін дамыту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей отырып, жылдамдыққа, еңбекке,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ /жарыс түрінде/.

Әдіс – тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, әңгімелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару.

Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

Ал енді балалар, келіп отырған қонақтарға біз еліміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушы екенімізді көрсетейік.

Елбасымыз биылғы жолдауында былай депті.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!»

1. Осы сөйлемді қалай түсінесіндер?

І. «Жауқазын» тобы

Атаң- анаң,

Қуат алар Отан содан.

Тең келмейді қатар оған,

Дұшпаның да бас иетін.

ІІ. «Бәйшешек» тобы

Тілің –ұлттық қасиетің.

Тартқан талай ұлыстар бар.

Тілсіздіктің қасіретін.

ІІІ. «Қызғалдақ» тобы

Қазақ тілі -өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі –туған тіліміз –қазақ тілі сабағы. Сабағымыз жарыс түрінде өткізіледі, 3 топқа бөлінеді.

І- топ «Жауқазын», ІІ –топ «Бәйшешек», ІІІ –топ «Қызғалдақ».

Әділқазылар сайланады.

2. Таныстыру:

І. Топтың аты «Жауқазын»

Келдік біздер жарысқа,

Сөз тобының сырларын,

Баяндаймыз сайыста.

ІІ. «Бәйшешек» атты тобымыз

Көп нәрседен хабармыз

«Жауқазын», «Қызғалдақ» тобымен

Сайысуға даярмыз.

ІІІ. Топтың аты «Қызғалдақ»

Қазақ тілін мақтаймыз.

Ереженің барлығын,

Есімізде сақтаймыз.

ІІ. 1)Біз қандай тақырыпқа тоқталып – жатырмыз? /Сөз таптары/

Соның ішінде қай сөз табын өттік?

2) Үй тапсырмасын тексеріп, білімімізді пысықтайық.

І топ. Көктем келді, Қар еріп, сай – саланы су алды.

ІІ топ. Жарас қария қолдарын көлегейлеп, ұшқан құсқа жиі қарайды.

ІІІ топ. Тырналар келген соң, жер жыртуға болады. Қариялар сол сәтті тосады.

Сөйлемдегі зат есімдерді тауып, ажырату.

3. «Екпінділер» деген сөзден бірнеше зат есімдер жазады.

Ер, Еркін, ерлік, ел, піл, пікір, екпін, іні, ін т.б.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Етістік»

1. (13-6) + 1 = 8 сегіз / 2 әріп

2. (6+7)-7 = 6 алты /3 әріп

3. 34+(10+26) = 70 жетпіс/5 әріп

4. (15+30)-40 = 5 бес/3 әріп

5. (14-4)-1 = 9 тоғыз/1 әріп

6. (15+5)-13 = 7 жеті / 4 әріп

7. (30+13)-41 = 2 екі /2 әріп.

2) Суретпен жұмыс:

Балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айт. /жарды, суарды, секірді, иірді, тартты/

Заттың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Оларға: Не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтар қойылады.

ІV. Дәптермен жұмыс:

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

414 жаттығу.

Тоғайда түрлі аңдар ........... Терең шатқалға қояндар ............. Қызыл түлкілер тоғайда............. Тиіндер ағаштан ағашқа............

Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді.

V. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрау.

1. Ғажап, қызық, құндыз, аң.

2. Ағаштарды, жуан, жығады, ол.

3. Бағалы, құндыздың, терісі, аса.

VІ.Мақал құрау.

Көрсетілген стрелка бағытымен екі әріп тастай отырып, бір мақал құрастырып айту.

1. К с е ө а г п р е с з н ө а с й н ө л. Көп сөйлеген сөз арзан.

2. С д н ө ы а з ң с о а ы й й Сөз - ойдың айнасы.

3. Ж л ң а м с қ е ө с й з ы д і н і ө ы Жақсының сөзі өлмейді.

VІІ. Эссе жазу. Әр топ өз атын қорғайды.

VІІІ. Қорытынды.

1. Семантикалық карта. Сөз таптарын ажырату.

Сөз таптары

Жалқы есім

Жалпы есім

Зат есімнің көпше түрі

Етістік

алаша

Алматы

аңшы

ойнады

тазала

ауа

қояндар

Тайбұрыл

апалар

аспаптар

Айдос

сөйлесті

2. Білімдерін бағалау. Жеңген топты мадақтау. Үйге тапсырма №415 жаттығу 117 бет. Ереже жаттау.

3. «Жүзден жүйрік» әнімен аяқтау.


Автор: Сапарова СветланаТураровна
Похожие материалы
Тип Название материала Автор Опубликован