Главная / Старшие классы / Разное

Атажұрт

Скачать
22.07 КБ, 473819.docx Автор: Карашова Алма Жапаровна, 21 Мар 2015

Атажұрт – интеллектуалды ойын

(8-9 сынып)

І. Құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер, өзінің жақтасы үшін жаны ауыратын, жеңіске жүрегі жарыла қуанатын жанкүйерлер қауымы. 8-9 сыныптар арасында өткізілетін «Атажұрт» интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Мақсаты: географиядан алған білімдерін қорытындылау. Матералды меңгеру дәрежесін, өз өлкесін қаншалықты білетіндігін тексеру, бауырмашыллыққа, өз елін тәрбиелеу.

«Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім». Өзі өскен еліне, туған жеріне, туған елінінң табиғатына жыр арналған дүние жоқ. География пәні өз Отаныңды көп білу үшін қажет. Өз Отаның туралы ой-пікірің бар. Өз Отаныңның жанашыр азаматы болсаң, оны біліп қана қоймай, болашақта гүлдене түсуіне өз үлестеріңді қосуларың қажет. Ойын шарттарымен таныссақ.

ІІ. Жүргізуші: Білімдіден шығады алғыр шешен

Шешендіктен болған ғой барлық көсем,

Сайра шәкірт, суырып шарықташы

Қалмасын бұл жарсыта есен – дей келе

Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1. Әділқазы алқасын таныстыру

2. Ойынның бағдарламасы – слайд

1-кезең – Өткел

2-кезең – Белес

3-кезең – Бекет

4-кезең – Асу

5-кезең – Жерұйық

3. Әр команда өздерін таныстырады – 1 минут

ІІІ. 1-кезең – «Өткел». Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтарды берген оқымыстылардың атын атау (1 минут) – 5 балл. Жауапқа қосымша көмек алуға болады – 4 балл

1-сұрақ. Ол ежелгі дүние елдерін сызып, бейнелеп, ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде, күннің ұзақтығын анықтауда көп жағалықтар ашты.

Сұраққа қосымша көмек. Сырдария мен Амудария Каспийге құяды деп есептеген. Арал теңізін картаға түсірген.. (Птоломей)

2-сұрақ. Ол Каспий теңізінің алып жатқан орнын, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен

Қосымша көмек: Ғалым теңіздің

3-сұрақ. Ол өз заманында ғылым мен баолық сласындазор ғылыми мирас қалдырған, дүние жүзіне белгілі ғүлама.

Қосымша көмек: Даналылығын дүние жүзі мойындаған, құрметтеп «Екінші ұстаз» атаған. /Әл-Фараби/

4-сұрақ.Ол қазақ жеріндегі көптеген географиялық атауларды дүние жүзінің картасына түсірді.Оның жасаған картасы ғалымдар « ХІ ғасырда Орталық және Орта Азияда жасалған түріктің географиялық ескерткіші» деп атады.

Қосымша көмек: «Диуани луғат ат-түрік» деген еңбектерінің маңызы зор./Махмуд Қашқари/

5-сұрақ. Ол аса көрнекі ғалым . Өмір жолын Атбасар түсті металлдар тресінде инженер-геолог болып бастады.Қарсақбай Темір, Жезді кен орындарын зерттеді.

Қосымша көмек: Қазақстан академиясының тұңғыш Президенті./Қаныш Имантаев Сатпаев/

6-сұрақ.ол жасынан медреседе сауатын ашып 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусында оқыды. 1955-59 жылдары Орта Азияны зерттеуге құрылған әскери экспедиясы құрамына алынып, қазақ жерін , Ыстық көлмаңын, Құлжа мен Қашқарияны зерттеуге қатысты.

Қосымша көмек: 22 жаста Орыс география қоғамына толық мүшесі болып қабылданды. / Шоқан Уалиханов/

ІІІ. 2-кезең - «Белес» (командалық сұрақтар) (2 сұрақ) Өз өлкеңнің табиғаты туралы

ІҮ. 3-кезең-«Бекет»/слайд –сиқырлы сандар /- сандықтан алу.

8сынып:

2724,9км-Қазақстан жер көлемі

7591км.-Ресеймен шекарасы

6995м.-Хан-Тәңірі

132м-Қарақия ойысы

4622м-Бесбақан шыңының биіктігі

44га - Қазақстандағы шөлдің аумағы

556 – Бесшоқы Қаратаудың биік шыңы

1565 м – Қызыларай тауының биік шыңы Ақсораң

9 сынып:

1991жыл .21желтоқсан/ТМД құрамына кірді/

14./ қазақстанда 14облыс бар/

17млн /халқы саны/

15000км /шекарасының ұзындығы/

2300км/ Өзбекстанмен шекарасы/

15 млн /Дүние жүзіндегі қазақ этносының саны/

5,5 /халықтын орташа тығыздығы/

1993жыл.15 қараша /теңге айналымға шыққан жылы/

Ү. 4 кезең. Асу

8 а сынып 9 а сынып

1. Бейне Сұрақ

2.ҚС

3.Ж Б

Атажұрт

1.Бейне Сұрақ

2.ЭГЖ

3.ҚХ

4.ҚК

5.ҚТ

6.ТЗ

4.ҚК

5.АӨК

6.ҚӨ

8 сынып:

1. Бейнесұрақ

2. Бұл Жоңғар Алатауы жоталарынан басталатын Балқаш көлі алабындағы екінші ірі өзен. Оның салалары терең, аңғарлары тар, ағысы қатты. Қай өзкен туралы айтылып отыр? (Қаратал)

3. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Қазақстандағы Алакөлдің қазаншұнқырын қосып жатқан жерді қалай атайды? (Жоңғар қақпасы)

4. Бір қызығы, бұл желді жергілікті тұрғындар шайтан желі деп атайды. Бұлай деп аталуы желдің күші салт атты адамды ат үстінен ұшырып түсетіндей өте қатты болуынан. Бұл қай жел туралы айтылып отыр? Ол қай жерлерде соғады? (Сайқан) Алматы облысы Алакөл ауданындағы, Алакөл ойысы арқылы солтүстік батыстан онтүстік-шығысқа Орталық Азияға қарай соғатын күшті жел.

5. Қазақстанның қай топырағы жалпы көлемі республика аумағының 9,5 пайызын қамтиды. Бұл қандай топырақ? (Қара топырақ)

6. Бұл табиғат зонасының жер бедері тегіс болып келеді, бұл қай зона?(Орманды дала)

9 сынып:

1. Бейнесұрақ

2. Қазақстанның көршілерін ата?

3. Қазақстанның тілдік әулетін ата (Алтай)

4. Біздің облысымызда қандай теміржолы өтеді? (Түрксіб, Трас0аза0станды0ТрансАзиаттық)

5. Қазақстанның жер аумағы қанша гектар, соның ішіндегі ең көп жері? (272 млн.га, жайылымдар)

6. Қазақстанда ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтар? (Павлодар, Астана)

6 кезең. Жерұйық

1.Суреттер/Көлсай көлі, Жоңғар Алатау, Алтынемел,Жасыл көл, Шоқан Уалиханов т.б./

2. Географиялық карта/ Қазақстанның геогр. объектілері /

3. Қазақстан - 2050 стратегиясының сызбанұсқасын құрыңыздар

1. Қазақстан Республикасы туының авторы кім? (Ш. Ниязбеков)

2. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)

3. Отырар қаласының арабша аты? (Фараб)

4. Арал теңізі еңбегінің авторы кім? (Л.С.Берг)

5. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып қабылданды? (1992 жылы 2 наурызда)

6. Қазақстанның тұнғыш астанасы қай қала? (Орынбор)

7. ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)

8. Қазақстан батыстан шығысқа қарай қанша километрге созылып жатыр? (3000 км)

9. Қазақстанның батыс шеткі нүктесі? (Эльтон мен Басқұншақ)

10. Қазақстанда қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады?

Қорытынды:

Осымен Атажұрт географиялық ойынымыз мәресіне де келіп жетті.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытсаңыз бола ма? – деп, сөз кезегін әділ қазы алқаларына береміз.

Бүгінгі қатысып отырған оқушылар, жанкүйерлер және ойынға қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіре отырып, оқушыларымыз білімдерін әрі қарай шыңдай түссін демекпіз!

Қош сау болыңыздар!


Автор: Карашова Алма Жапаровна
Похожие материалы